Меню
Жаңалықтар
«Үш тұлға – үш тағылым: ұлт руханиятына бастар жол» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы.
📚 «Тілі мен әдебиеті бар халық ешқашан жоғалмайды. Ыбырай, Ғабит, Төлеген мұрасы»
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында «Үш тұлға – үш тағылым: ұлт руханиятына бастар жол» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы болып өтті.
Онкүндіктің негізгі арқауы – қазақ руханиятында өшпес із қалдырған үш бірдей дара тұлға: Ыбырай Алтынсарин, Ғабит Мүсірепов және Төлеген Айбергенов мұрасы.
Ұлт ұстазы Ыбырайдың ағартушылық жолы, сөз зергері Ғабиттің көркемдік әлемі, ақиық ақын Төлегеннің сыршыл поэзиясы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасар баға жетпес рухани қазына.
Тілі мен әдебиеті бар халықтың рухы биік, тамыры терең, болашағы баянды.
Онкүндігіміз тағылымды кездесулерге, мазмұнды сабақтар мен әсерлі іс-шараларға толы болсын! ВИДЕО
18 просмотров
Добавлено: 21.09.2026 в 19:16