Меню
Жаңалықтар
СЕЗІМ. СӨЗ. ӨЛЕҢ.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 1 қазан күні «Сезім. Сөз. Өлең» атты поэзия кеші өткізілді. Кешке 9–11-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Кеш барысында оқушылар қазақтың көрнекті ақындарының жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқып, авторлық өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды. Әсем күй мен гитара сүйемеліндегі әндер кештің сәнін келтіріп, ерекше рухани атмосфера сыйлады. Ұстаздар мен оқушыларды бір ортада тоғыстырған бұл кеш сөздің қадірін, өлеңнің құдіретін сезіндіріп, қазақ поэзиясының терең әлеміне жетеледі.
Бұл кеш – сезімнің сөзге, сөздің өлеңге, өлеңнің рухқа айналған әдемі сәті болды. ❤️
Сезім бар жерде – өмір бар,
сөз бар жерде – өлең бар,
өлең бар жерде – рух бар! ✨ ВИДЕО
8 просмотров
Добавлено: 02.10.2026 в 21:28