Меню KDT

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ



Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай мектеп парламентінің ұйымдастыруымен оқушыларға арналған танымдық көңілді үзіліс өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, тақырыптық пазлдар құрастырды. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін ортаға салып, белсенділік танытты. Аталған іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға және мерекелік көңіл күй сыйлауға бағытталды. ВИДЕО
14 просмотров

Добавлено: 20.10.2026 в 21:11