Меню KDT

Жаңалықтар

«Менің болашақ мамандығым» workshop ұйымдастырылды.



«ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» 🌟
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында жеке мәнсап картасын дайындау бойынша workshop ұйымдастырылды. Workshop барысында оқушылар өздерінің болашақта кім болғысы келетінін ой елегінен өткізіп, армандаған мамандықтарын шығармашылық жұмыстар арқылы бейнеледі. Әр бала өз қызығушылығы мен қабілетіне сай мамандық таңдап, болашаққа деген алғашқы қадамдарын жасады. Арман — мақсатқа, мақсат — еңбекке, ал еңбек — жетістікке бастайды! Балалардың әрбір арманы орындалып, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары арта берсін! ВИДЕО

9 просмотров

Добавлено: 21.09.2026 в 19:34