Меню KDT

Жаңалықтар

«Сиқырлы микрофон» -көңілді үзіліс.



Мектебімізде өтіп жатқан онкүндік аясында 2-сынып оқушылары арасында «Сиқырлы микрофон» атты интеллектуалды-көңілді үзіліс ұйымдастырылды. Оқушылар сиқырлы микрофонды қолға алып, 🎲 кубиктегі қызықты сұрақтарға жауап беріп, қазақ тілі пәнінен алған білімдерін ортаға салды. Әр сұрақ — білімді сынау, әр жауап — өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік болды.

Ойын барысында оқушылар:
📚 өткен тақырыптарды еске түсірді;
🗣️ қазақ тілінде жауап беріп, сөйлеу дағдыларын жетілдірді;
🧠 білімдерін сынап, ойлау қабілеттерін дамытты;
😊 көңілді уақыт өткізіп, белсенділік танытты.

Белсенді қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл-күймен үзілістерін жалғастырды. 🍭🎁

Білім алудың ең қызықты сәті — оны ойын арқылы сезіну! 
16 просмотров

Добавлено: 29.09.2026 в 21:27