«Discover the World Through English» атты ағылшын тілі апталығы аясында 2 қараша күні 5–7 сынып оқушыларына арналған «Express Yourself in English» тақырыбында интерактивті үзіліс ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері Талипова А.С. мен Кусаинова А.М. оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту және тілдік дағдыларын дамыту мақсатында қызықты ойындар өткізді. Оқушылар «Guess the Word» және «Number Dash» ойындарына белсене қатысып, білімдері мен шапшаңдықтарын сынады. Белсенділік танытқан оқушыларға шағын сыйлықтар табысталды. Шара көңілді әрі танымды атмосферада өтіп, оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттырды!
ВИДЕО
6 просмотров
Добавлено: 03.11.2026 в 19:43